Accessibility links

Тайваньда апаттан қаза тапқандар 20-дан асты


Тайваньдағы ұшақ апаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Видео: Тайваньдағы ұшақ апаты

Тайваньда ұшақ апатынан 20-дан астам қаза тауып, 15 адам жарақат алып, 24 адам із-түссіз жоғалды.

Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Құтқарушылар мерт болғандар бұдан да көп болуы мүмкін екенін ескертті.

Диспетчердің айтуынша, ұшақ көкке көтеріле сала ұшқыш үш рет дабыл белгісін басқан. Тайвань азаматтық авиациясы апаттың себебі әзірге белгісіз екенін мәлімдеді.

4 ақпанда Тайвань астанасы Тайпейде "TransAsia" компаниясының әуежайдан ұшып шыққан ATR-72 ұшағы өзенге құлады. Ұшақ бортында 58 жолаушы болған. Көбі - қытайлық туристер. Болжам бойынша, Тайпейден Цзиньмэнь аралына ұшып шыққан екі моторлы турбовинтті ұшақ көпір тіреуін соғып өтіп, өзенге құлаған.

2014 жылы осы компанияның тағы бір ұшағы қонар сәтте қаладағы үйлерге соғылып, апатқа ұшыраған. Ол оқиғадан 49 адам мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG