Accessibility links

Казактар ұйымы мен мүшесінің соты өтті


Өзін "Жетісу казактары атаманымын" деп атаған Владимир Шихотов. Алматы. 4 ақпан 2015 жыл.

Өзін "Жетісу казактары атаманымын" деп атаған Владимир Шихотов. Алматы. 4 ақпан 2015 жыл.

4 ақпанда Алматыда "Жетісу казактары одағының" өз мүшесіне - Владимир Шихотовқа қарсы шағымына қатысты алғашқы сот отырысы өтті.

Шағым берушілер Владимир Шихотовты ұйым атаманы дәрежесінен айыруды сұрайды. Владимир Шихотов 2012 жылы мамырда "Жетісу казактары одағының" президенті (атаманы) болып сайланған. Кейін сот шешімімен бұл сайлау заңсыз деп танылған.

Владимир Шихотов сайлау әділ өткенін, одақтың бас атаманы Юрий Захаровпен ара-қатынасы дұрыс емес екенін айтты. Бүгінгі сотқа Юрий Захаровтың өзі келмеді, оның адвокаты мен орынбасары қатысты.

Келесі сот отырысы 12 ақпанда өтеді.

XS
SM
MD
LG