Accessibility links

Сенат мүгедектер құқығы туралы конвенцияны мақұлдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін БҰҰ Бас ассамблеясы 2006 жылы желтоқснада қабылдаған мүгедектер құқығы туралы конвенцияны мақұлдады.

Конвенция бойынша, құжатты мақұлдаған мемлекеттер мүгедектердің жеткілікті түрде өмір сүруі мен әлеуметітк тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етудің заңдық және басқа да қажетті шараларын жасауы тиіс. Бұған қоса конвенцияға қатысушы елдер мүгедектерді қандай да бір кемсіту әрекетіне тыйым салып, одан құқықтық түрде қорғауы тиіс.

Қазақстан мүгедектер құқығы туралы конвенцияға 2008 жылы қол қойып, мүгедектерді қоғамға кіріктіру міндетін мойнына алған. Бірақ билік өкілдері бұл міндеттеме әлі толық орындалып жатпағаынн мойындайды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың ақпаратына қарағанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік инфрақұрылымдардың 79 пайызын пайдалана алмайды.

Қазақстанда жарты миллионнан астам мүгедек тұрады.

XS
SM
MD
LG