Accessibility links

Дінбасылар өлген адам органын науқасқа тегін беруді қуаттады


Қайтыс болған адамның ішкі мүшесін мұқтаж адамға тегін беру сауапты іс деп мәлімдеді бүгін Алматыда қалалық №7 клиникалық ауруханада қайтыс болған адамның ішкі мүшелерін екі адамға бірдей ауыстыру операциясына қатысты өткен жиында "Тастақ" мешітінің имамы Мұхамеджан Әбдімәжитов.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, клиника дәрігерлері қаңтар айының басында миы жұмыс істеуін тоқтатқан науқастың бауыры мен бүйрегін өзге науқас екі адамға ауыстыру операциясын жасаған. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, қайтыс болған науқастың анасы баласының ішкі органын донорлыққа беруге келісім берген. Бауыр мен бүйрегі жарамай қалған екі науқасқа жасалған операция сәтті өткен.

Жиынға қатысқан Мұхамеджан Әбдімәжитовтің айтуынша, ислам діні бойынша қайтыс болған адамның ішкі органын "тек туыстарының келісімімен ғана өзге науқасқа стаылмай тегін беруге рұқсат етіледі".

Православие дінінің өкілі ретінде қатысқан Владимир Задавич те православие бойынша көз жұмған адамның ішкі органын тегін беруге болатынын айтты.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG