Accessibility links

Исекешов жұмыс орындарын сақтауға шақырды


Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев бизнес өкілдерін "экономикалық дағдарыс жағдайына қарамастан жұмыс орындарын сақтауға" шақырды.

Ол 5 ақпанда Оралда өткен жергілікті бизнесті дамыту форумында "дәл қазір кәсіпорындардағы тұрақтылықты және жұмыс орындарын сақтап қалу керек" екенін айтты.

Соңғы күндері премьер-министрдің өзге де орынбасарлары мен министрлер Ресеймен шекаралас облыстарға арнайы сапармен барып, "мемлекет жергілікті кәсіпорынды қолдайтынын" айтқан. 2 ақпанда премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Павлодарға, 4 ақпанда премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарына барған.

XS
SM
MD
LG