Accessibility links

Иордания ИМ позицияларына әуеден соққы берді


Иордания королі Абдулла Муаз әл-Касасбехтің әкесімен сөйлесіп отыр. Карак, Иордания, 5 ақпан 2015 жыл.

Иордания королі Абдулла Муаз әл-Касасбехтің әкесімен сөйлесіп отыр. Карак, Иордания, 5 ақпан 2015 жыл.

Иордания әскери-әуе күштері Сириядағы радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының позицияларына соққы жасап, кейін содырлар өлтірген иордан ұшқышы Муаз әл-Касасбех тұрған Карак қаласының үстінен ұшып өтті. Иордания королі Абдулла Муаз әл-Касасбехтің отбасына жеке өзі көңіл айтты. Марқұм болған ұшқышты еске алуға мыңдаған адам жиналды.

Куәгерлердің айтуынша, король Абдулла әл-Касасбехтің әкесіне иордан жойғыш ұшақтары Ракка қаласына соққы бергенін жеткізген. Қауіпсіздік күштерінің ақпараты бойынша, иордан ұшақтары Раккаға жақын Дейр-эз-Зор провинциясындағы аудандарға шабуылдаған.

Радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы ақпанның 3-інде желтоқсан айында ұсталған иорданиялық 26 жастағы әскери ұшқыш Муаз әл-Касасбехтің өлтірілгені туралы видео жариялаған еді. Онда ИМ өкілі темір тордың ішінде отқа оранған адамның Муаз әл-Касасбех екенін мәлімдейді.

Иордания ИМ позицияларына халықаралық коалициядан бөлек өз бетімен бірінші рет әуе соққысын жасап отыр.

XS
SM
MD
LG