Accessibility links

Сарыағаш ауданында "түсініспеушілік болғаны" хабарланды


Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылдық округінде ақпанның 5-інде тәртіпсіздік болғанын осы ауданның ішкі істер басқармасы растады.

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының кезекшісі Азаттыққа ақпанның 5-інде кешке Жартытөбе ауылдық округі аумағында этникалық тәжіктер мен қазақтар арасында "түсініспеушілік болғанын, бірақ оқиға болған күні оған қатысушылардың барлығы тарағанын" ғана айтты.

Ал Сарыағаш ауданы әкімі Бұқарбай Парманов Азаттыққа қандай да бір қақтығыс болғанын жоққа шығарды.

Youtube желісінде бірнеше қолданушының Сарыағашта ақпанның 5-і күні түсірілді деген видеолары жарияланды. Онда ондаған адамның қолына таяқ ұстап алғаны, жеңіл көліктің өртеніп жатқаны түсірілген. Оқиға орны нақты хабарланбаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG