Accessibility links

НАТО Шығыс Еуропада алты әскери база құрады


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Брюссель, 5 ақпан 2015 жыл.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Брюссель, 5 ақпан 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг әскери блок мүшелері Шығыс Еуропада жеделдете алты әскери база құрып, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына жауап ретінде 5 мың әскер орналастыруға келіскенін мәлімдеді.

Брюссельде НАТО елдері қорғаныс министрлерінің кездесуінен соң баспасөз жиынында сөйлеген Столтенберг Франция, Германия, Италия, Испания, Польша және Ұлыбритания базаларды құрып, әскер орналастыру ісін басқаруға келіскенін айтады.

Дағдарыс кезінде әскер ары кеткенде жеті күн ішінде әскери дайындыққа келтіріледі.

Әскери базалар Болгария, Эстония, Латвия, Литва, Польша және Румынияда орналасады. Резервте қосымша тағы екі отряд жасақталады.

Қазір НАТО-да барлығы 13 мың әскер бар. Альянс әскер санын 30 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG