Accessibility links

ІІД: қазір Сарыағаштағы жағдай тұрақты


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Бостандық ауылында болған тәртіпсіздіктерден бірнеше көлік өртеніп, бірнеше үй бүлінді деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

Департамент ақпаратына қарағанда, оқиғадан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына қосымша полиция күші жіберілген, қазір ауылдағы жағдай тынышталған.

Полицияның дерегінше, тәртіпсіздікке көршілес Бостандық ауылының 30 жастағы тұрғыны Б.Артықовтың өлімі себеп болған. Ақпанның 4-іне қараған түні Бостандық ауылына жақын маңда Б.Артықовтың мәйіті табылып, осы оқиға бойынша іс қозғалған. Тергеу шаралары арқылы марқұмның өліміне көршілес Бостандық ауылының тұрғыны Н.Нарметов күдікті деп танылып, іздеу жарияланған.

"Деректер бойынша, кісі өліміне Н.Нарметовтің Б.Артықовтың жылыжайын жалға алуына байланысты туындаған дау себеп болған" дейді ішкі істер департаменті.

Полиция Артықовтың өлімі мен одан кейін туындаған әрекеттер ерекше бақылауға алынғанын айтады.

XS
SM
MD
LG