Accessibility links

Астанада ADAM bol-ды қолдаған белсенді ұсталды


Астаналық белсенді Мейрам Дүйсенов (оң жақта). Астана, 6 ақпан 2015 жыл.
Астаналық белсенді Мейрам Дүйсенов (оң жақта). Астана, 6 ақпан 2015 жыл.

"Бүгін Астанада Қазақстан президенті резиденциясы - Ақорданың алдында ADAM bol журналын қолдап наразылық акциясына шыққан астаналық белсенді Мейрам Дүйсеновті полиция ұстап әкетті" деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Белсенді Ақорданың алдында қолына "Адам бол" деген жазуы бар плакат ұстап шыққан. Ол плакатын ашып, ADAM bol журналын қолдайтынын айтқан. Одан бөлек, Мейрам Дүйсенов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан журналға араша түсуді сұрамақ болған. Полиция оны плакатын Ақорда пошта жәшігіне салдырмай, ұстап әкеткен.

Алматы соты желтоқсан айының соңында Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы талап-арызы бойынша оппозициялық ADAM bol журналын жабуға үкім шығарған. Басқарма журналдың бұған дейінгі санында жарияланған мақалада "соғысты насихаттау белгілері" бар деп, журналды жабуды және лицензиясын қайтарып алуды талап еткен. Кейін журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева сот шешіміне наразылық білдіріп, қаңтардың 19-ынан ақпанның 5-іне дейін - 18 күн аштық ұстаған.

Құқық қорғаушылар "басылымды жабудың саяси астары бар" деп санайды.

XS
SM
MD
LG