Accessibility links

Федерация кубогы: Қазақстан Таиланды жеңді


Қазақстан құрамасының теннисшісі Зарина Дияс құрама мүшелерімен бірге Федерация кубогында. Гуанжоу. 5 ақпан 2015 жыл. (Сурет Федерация кубогының ресми сайтынан алынды)

Қазақстан құрамасының теннисшісі Зарина Дияс құрама мүшелерімен бірге Федерация кубогында. Гуанжоу. 5 ақпан 2015 жыл. (Сурет Федерация кубогының ресми сайтынан алынды)

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірінші тобының финалына шықты.

А тобындағы үшінші матчта Қазақстан Таиландты жеңді. Алдымен әлемнің 51-ракеткасы Ярослава Шведова Пингтарн Плипуечті (әлемдік рейтингте 493-орында) үш сетте 7:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Ал әлемнің 33-ракеткасы Зарина Дияс Ниша Лертпитаксинчайды (437) бір сағатқа жеткізбей 6:0, 6:0 есебімен ұтты.

Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Қытай мен Тайваньды жеңген. Енді қазақ теннисшілері финалда В тобының жеңімпазы Жапониямен кездеседі. Жеңсе 2016 жылы әлемдік топтың плей-офф кезеңінде ойнайды.

XS
SM
MD
LG