Accessibility links

Дебальцево тұрғындарын эвакуациялайды


Дебальцево қаласына тұрғындарды эвакуациялау үшін кетіп бара жатқан бос автобустар. Украина, 6 ақпан 2015 жыл.

Дебальцево қаласына тұрғындарды эвакуациялау үшін кетіп бара жатқан бос автобустар. Украина, 6 ақпан 2015 жыл.

Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер Дебальцево маңында ұрысты тоқтата тұру туралы уақытша бітім жасасты. Украина ішкі істер министрлігінің өкілі Вячеслав Аброскиннің хабарлауынша, уақытша бітім Дебальцеводан тұрғындарды эвакуациялау үшін жасалған.

Сепаратистер уақытша бітім 6 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17-ге дейін созылатынын, тұрғындар мінген автобустар қаладан кетіп қалғанын хабарлады.

Бұдан бұрын Reuters агенттігі ЕҚЫҰ бақылаушылары бастап жүрген ондаған бос автобус Дебальцевоға кетіп бара жатқанын хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, автобустар Дебальцевоға бара жатқанда үкімет әскері мен сепаратистер арасында ешқандай атыс болмаған.

Донецкіден солтүстікке қарай орналасқан Дебальцево қаласында үш аптаға жуық уақыттан бері украин әскері мен сепаратистер соғысып жатыр. Қалада су, жарық пен жылу жоқ, жолдар атқыланған.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Дебальцеводағы ахуалды "апатты жағдай" деп бағалап, бейбіт тұрғындардың зардап шегуіне соғысушы екі тарап та кінәлі деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG