Accessibility links

Ресей Қазақстанға тауар тасуға эмбарго салуды терістеді


Ресей ауылшаруашылығы министрлігі ақпарат құралдарындағы Қазақстан билігімен осы елге ресейлік өнімдерді жеткізуге шектеу немесе эмбарго қою туралы келіссөз жүріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ресей ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Андрей Волков мұндай келіссөздер жүргізу Кеден одағының ұстанымдарына қайшы келетінін айтты.

Ресейлік "Коммерсант" басылымы Қазақстан "рубльдің құлдырауынан қатты арзандап кеткен және елдің ішкі нарығына қауіп төндіретін" ресейлік бірнеше тауар түрін елге кіргізуге эмбарго салуды қарастырып жатыр деп хабарлаған. Басылым мақаласында Ресей ауыл шаруашылығы министрлігі, Еуразия экономикалық комиссиясы мен азық-түлік өнімдері нарығындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған.

Мақалада ресми Астана Ресейден мұнай өнімдеріне, көлік пен аккумуляторларға, құрылыс арматураларына, ет, жұмыртқа, макарон, кондитерлік өнімдер, ұн мен жеміс шырындарына эмбарго қоюды талап етеді делінген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG