Accessibility links

Байден: АҚШ пен Еуропа Украинаға бірге көмектесу керек


АҚШ вице-президенті Джо Байден Брюссельдегі кездесуде. 6 ақпан 2015 жыл.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Брюссельдегі кездесуде. 6 ақпан 2015 жыл.

6 ақпанда Брюссельде АҚШ вице-президенті Джо Байден Еуропа елдері мен АҚШ-ты Украинаға бірге көмектесуге шақырды.

Ол Еуропа Одағы кеңесінің төрағасы Дональд Тускпен кездесуде "Еуропа мен АҚШ-тың бірігетін кезі келді. Біз Ресейге Еуропа картасын өзгертуге жол бермеуіміз керек" деп мәлімдеді.

Байден Украинаға дәл қазір қаржылай көмек те қажет екенін айтты.

Осыған дейін АҚШ Украинаға реформа жүргізу үшін қомақты қаржы бөлген.

XS
SM
MD
LG