Accessibility links

Будапешт - 2024 жылғы олимпиадаға кандидат


Халықаралық олимпиада комитетінің туын ұстап бара жатқан спортшылар (Көрнекі сурет)

Халықаралық олимпиада комитетінің туын ұстап бара жатқан спортшылар (Көрнекі сурет)

6 ақпанда Будапеште Венгрия олимпиада комитеті өткізген жиында бұл қала 2024 жылғы олимпиаданы өткізуге кандидат ретінде ұсынылды. Ұсынысты Венгрия олимпиада комитетінің 125 мүшесі қолдап, біреуі қарсы болды.

2024 жылғы жазғы олимпиаданы өткізуге бұған дейін Бостон (АҚШ) мен Рим (Италия) қалалары кандидатураларын ұсынған. Жақында Германиядағы Берлин мен Гамбург қалаларының бірі кандидатурасын ұсынуы тиіс.

Олимпиада өткізуге өтініш қабылдау 2015 жылдың қыркүйегіне дейін созылады. 2024 жылғы олимпиаданы өткізетін қала 2017 жылы белгілі болады.

XS
SM
MD
LG