Accessibility links

Меркель, Олланд пен Путин келіссөз өткізді


Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. 6 ақпан 2014 жыл

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. 6 ақпан 2014 жыл

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жұма күні кешкісін үш жақты келіссөз өткізді. Олар шығыс Украинадағы дағдарысты шешу жолдарын талқылады.

Меркель мен Олландтың Путинге украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша жаңа ұсыныс жасағаны хабарланды. Былтыр Ресей Қырымды аннексиялап алғалы бері басталған бұл қақтығыста бес жарым мыңға жуық адам өлді. Шығыс Украинадағы шиеленіс Батыс пен Ресейдің арасын "Қырғи-қабақ соғыс" кезінен бері бірінші рет қатты ушықтырып жіберді.

Меркель мен Олландың Путинге қандай ұсыныс жасағандары әлі белгісіз. Бейсенбі күні ЕО-ның екі жетекші саясаткерімен Киевте кездескен Украина президенті Петр Порошенко жаңа ұсыныс оқ атуды тоқтатуға қатысты үмітті күшейтетінін айтқан.

Мюнхендегі Қаупісздік конференциясына келген АҚШ вице-президенті Джо Байден 6 ақпан күні: "Ресей Украинаның шығысына қарулы жасақ пен танкілер жіберіп қақтығысты ушықтырып отыр" деп мәлімдеді. Ресей шығыс Украинадағы сепаратистерге жәрдем бермейтінін айтып келеді.

XS
SM
MD
LG