Accessibility links

Алматыдан 356 шақырымда жер сілкінді


Жер сілкінісін тіркейтін құрал. (Көрнекі сурет)

Жер сілкінісін тіркейтін құрал. (Көрнекі сурет)

Жұма күні Алматы уақытымен 21 сағат 37 минут шамасында Алматыдан 356 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Қазақстанмен көрші Қытай аумағындағы жер сілкінісі эпицентрінде 4,1 магнитуданы құраған, жер сілкінісінің ошағы 0-5 километр тереңдікте болған деп хабарланды.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.

XS
SM
MD
LG