Accessibility links

АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясын жариялады


Ақ үй - АҚШ прездиентінің резиденциясы. (Көрнекі сурет)

Ақ үй - АҚШ прездиентінің резиденциясы. (Көрнекі сурет)

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жаңа концепциясы қабылданды.

Жұма күні Ақ үй таратқан 29 беттік құжатта бейбітшілік тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде «агрессиялық» іс-әрекеттерге тойтарыс беруде АҚШ-тың әлемде көшбасшы ролін атқаруы керектігі жайлы айтылған.

АҚШ президентң Барак Обама өзі елі «агрессия, терроризм және індеттерге байланысты қалыптасқан өзекті проблемаларға қарсы тұру бойынша халықаралық коалицияны бастайды» деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, Вашингтон «еуропалық одақтастарымен бірге қадам жасап», Кремльдің Украинадағы іс-әрекетіне жауап ретінде «агрессияны ауыздықтау үшін Ресейге қатаң санкциялар салып отыр».

Ақ үйдің сыртқы саясатының басымды бағыттарының жоспары баяндалған концепцияда басқа қауіп-қатерлер арасында ядролық қарудың таралуы, исламшылар терроризмі және «деструктивті» кибершабуылдар аталған.

XS
SM
MD
LG