Accessibility links

Меркель мен Олланд Путинмен келіссөз жайлы айтпады


Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд Жұма күні Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен Украинаның шығысындағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі үш жақты келіссөз өткізген соң бірден Мәскеуден аттанып кетті.

Мәскеу уақытымен сағат 19 шамасында жабық есік жағдайында басталған кездесуге қатысқан үш басшы бір жарым сағаттан соң баспасөз өкілдері алдына шығып бірге суретке түскен соң, келіссөздерді қайта жалғастырды. Үш жақты келіссөздер үш басшы неміс тілінде өткен.Кешкі сағат он жарымда аяқталған кездесуден кейін Германия және Франция басшылары журналистерге ешқандай ресми мәлімдеме жасамай, әуежайға аттанған.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудегі келіссөздерді «конструктивті» деп атап, оның қортындысы ақпанның 8-і күні Германия, Франция, Украина және Ресей өкілдерінің қатысуымен «нормандиялық форматта» телефон арқылы өтетін келіссөздер барысында шығарылады деп мәлімдеді.

«Франция президенті мен Германия канцлерінің айтқан ұсыныстары бойынша, қазір Минск келісімін жүзеге асыру жөніндегі бірлескен құжат әзірлеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол құжатқа Украина президентінің айтқан ұсыныстары мен бүгін Ресей президенті Путин өз тарапынан қосқан ұсыныстарды енгізу мүмкіндіктері қарастырылады» деген Песков.

Жұма күнгі Меркель, Олланд және Путиннің үш жақты келіссөздеріне дейін Мәскеуде сыртқы істер министрлігінде Германия, Франция және Ресей дипломаттарының жабық кездесуі өткен болатын.

Меркель мен Олланд бұл жолы Мәскеуге Украинаның шығысындағы соғысты тоқтату туралы бейсенбі күні Киевте Украина президенті Петр Порошенкомен талқылап, келісілген жаңа жоспармен келген еді. Еуропа басшыларымен кездесуден соң Порошенко Донбастағы жанжалға қатысушы барлық тараптар дереу бітімге келіп, кепілдегілердің барлығы босату, Ресеймен шекараны жабу және шетелдік әскери күштерді Украина аумағынан шығару туралы Минск келісімінің талаптарын орындайды деп үміттенетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG