Accessibility links

Сарыағаштағы оқиға жайлы мақала да ашылмай қалды


Азаттық сайтында жұма күні жарияланған «Сарыағаштағы оқиғаны «түсініспеушілік» деп атады» мақаласы Қазақстан аумағынан ашылмай қалды.

Қазақ және орыс тілдерінде жарияланған мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылдық округінде ақпанның 5-інде тәртіпсіздік болғаны жазылған еді. Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы оқиғаға қатысты Азаттыққа Жартытөбе ауылдық округінде жергілікті қазақтар мен этникалық тәжіктер арасында «түсініспеушілік болғанын» айтқан.

Жұма күні дәл осы тақырып жайлы сайтымызда жарияланған жаңалықтар да ашылмай қалған еді. Бұғауланған мақалалар мен жаңалықтар мәтінін Азаттықтың Facebook парақшасынан оқуға болады.

Облыстық ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша, Бостандық ауылында көршілес Ынтымақ ауылы тұрғынының өлімінен соң тәртіпсіздік болып, бірнеше көлік өртеніп, бірнеше үй бүлінген. ІІД оқиғадан ешкім құрбан болмағанын және ауылға қосымша полиция шақырылып, жағдай тұрақтанғанын айтады.

XS
SM
MD
LG