Accessibility links

Путинмен келіссөз нәтижелі боларына Меркельдің күмәні бар


Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель Украинаның шығысындағы дағдарысты реттеуге қатысты Мәскеуде өткен келіссөздердің жемісті болатындығына күмән білдіреді. Бұл туралы Меркель бүгін Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда мәлімдеген. Кеше ол Франция президенті Франсуа Олландпен бірге Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, үш жақты келіссөз өткізген.

«Бірақ, менің ойымша, және Франция президенті де сондай пікірде, бұндай келіссөздер өткізу қажет болды. Ең болмағанда, бұл Украинадағы дағдарыс кесірінен зардап шеккен адамдар алдындағы парызымыз» деген Меркель.

Мюнхендегі халықаралық конференцияға қатысуға келген Украина президенті Петр Порошенко дағдарысты реттеуге қатысты Германия және Франция басшылары ұсынған жоспар нәтиже бере алады деп мәлімдеді. Бейсенбі күні Меркель мен Олланд өз бастамаларын Киевте Порошенкомен кездесуде талқылаған болатын.

Бұған дейін Мәскеудегі үш жақты келіссөзден соң Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Франция, Германия және Ресей Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеу туралы Минск келісімін жүзеге асыруды көздейтін бірлескен құжат әзірлеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді. Оның қортындысы Германия, Франция, Украина және Ресей өкілдерінің қатысуымен «нормандиялық форматта» телефон арқылы өтетін келіссөздер барысында шығарылады деген Кремльдің баспасөз хатшысы.

XS
SM
MD
LG