Accessibility links

Қазақстан Федерация кубогының әлемдік тобына өтпеді


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Азия ойындарында. Инчхон, 22 қыркүйек 2014 жыл. Сурет спорт және дене шынықтыру комитетінен алынды.
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Азия ойындарында. Инчхон, 22 қыркүйек 2014 жыл. Сурет спорт және дене шынықтыру комитетінен алынды.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогының Азия-Тынық мұхиты аймағының финалында Жапония командасынан жеңіліп қалды.

Қазақстандық Юлия Путинцева Мисаки Доиден 1:6, 3:6 есебімен ұтылса, Ярослава Шведова Куруми Нарадан жеңілді - 6:2, 5:7, 3:6.

Осылайша, Қазақстан әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шыға алмады. Қазақстан теннисшілері финалға шығу үшін Қытай, Тайвань, Таиланд, Жапония, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Гонконг спортшыларын жеңген.

2016 жылы Қазақстан қайтадан осы Азия-Тынық мұхиты аймағында ойнайды.

XS
SM
MD
LG