Accessibility links

Ақтаудағы аштық акциясы тоқтады


Оралмандарды бейімдеу орталығында аштық жариялап отырған балалар үйі түлектері. Ақтау, 5 ақпан 2015 жыл.

Оралмандарды бейімдеу орталығында аштық жариялап отырған балалар үйі түлектері. Ақтау, 5 ақпан 2015 жыл.

Ақтауда аштық жариялап жатқан балалар үйінің бұрынғы 12 түлегі наразылық акцияларын тоқтатты. Олар қала билігінен жоғары жалақысы бар жұмыс талап етіп ақпанның 4-і күні аштық жариялаған еді. Кеше кешке қала әкімі Еділ Жаңбыршин наразы жастарды қабылдап, олармен хаттамаға қол қойған.

– Ақпанның 6-сы күні кешке қала әкімінің кезекті кездесуінен соң олар қала әкімшілігіне келді. Біз оларға мұнай компанияларынан емес, қаладағы басқа мекемелердегі жұмыс орындарын ұсындық. Олар соған ризалықпен келісті. Бізбен бірге тамақ ішіп, аштық шарасын тоқтатты, - деп хабарлады Азаттыққа қала әкімінрің орынбасары Рахат Елтізаров.

Ақтаудағы балалар үйінің бір топ бұрынғы тәрбиеленушісі оралмандарды бейімдеу орталығында өздері тұрып жатқан бөлмеде аштық акциясын бастаған еді. Аз еңбекақыға өмір сүре алмайтынын алға тартқан наразылар өздеріне жоғары жалақы төлейтін жұмыс тауып беруді талап еткен.

Аштық акциясы кезінде денсаулығы сыр берген екі қызға медициналық жәрдем көрсетілген.

XS
SM
MD
LG