Accessibility links

Сарыағаштағы кісі өліміне күдікті ұсталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтірген деген күдікпен Өзбекстан аумағында ұсталған адам Қазақстанға экстрадицияланғаны туралы ресми ақпарат тарады.

Ынтымақтағы кісі өлімі ақпанның 5-і мен 6-сы күндері Сарыағаш ауданындағы бірнеше ауылда тәртіпсіздіктерге түрткі болған. Оқиға куәгерлері Азаттыққа тәртіпсіздіктер барысында әлгі ауылдарда тұратын тәжіктерге тиесілі болуы мүмкін оннан астам көлік пен үй өртеніп, он шақты көліктің қирағаны туралы айтқан еді. Жанжал кезінде «тәжіктер көшсін, кетсін» деген талаптар айтылған.

Сарыағаштағы кісі өліміне күдікті адам қазір Шымкенттегі тергеу абақтысына қамалған. Адам өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іспен арнайы жедел-тергеу тобы айналысып жатыр.

Жергілікті билік Сарыағаш ауданындағы жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Ресми ақпаратта ақпанның 5-і мен 6-сы күндері Сарыағаш ауданында болған оқиғалар кезінде құрбан болғандар жоқ деп хабарланды. Билік орындары тәртіпсіздіктер барысында бірнеше көлік өртеліп, бірқатар үйлердің бүлінгенін айтады.

Азаттық сайтында жұма күні жарияланған «Сарыағаштағы оқиғаны «түсініспеушілік» деп атады» қазақ және орыс тілдерінде мақаласы мен жаңалықтар Қазақстан аумағынан ашылмай қалды. Бұғауланған мақалалар мен жаңалықтар мәтінін Азаттықтың Facebook парақшасынан оқуға болады.

XS
SM
MD
LG