Accessibility links

Порошенко Ресейді тағы айыптады


Украина президенті Петр Порошенко. Мюнхен, 7 ақпан 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко. Мюнхен, 7 ақпан 2015 жыл.

Сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы қарулы сепаратистерге дем беріп отыр деп Ресейді айыптап, Еуропа елдерін Украинаны қолдауға шақырды.

Украина президенті «бір кездегі дос көрші» Ресейдің халықаралық құқық нормаларын бұзып, Украинаның бір бөлігін басып алғанын айтты. Порошенконың бұл сөзі Қырымды аннексиялауға қатысты айтылды. Он сонымен бірге Ресей сепаратистерге әскери техника беріп, сепаратистер бақылауда ұстап отырған Украинаның шығыс аймағында ресейлік әскерилер барын да атап өтті.

Порошенконың айтуынша, қарулы жанжалды тоқтатудың жалғыз жолы – Минск келісіміндегі принциптердің орындалуы болмақ.

XS
SM
MD
LG