Accessibility links

Керри: Украина жайлы АҚШ пен Еуропаның ұстанымы бір


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мюнхен, 7 ақпан 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мюнхен, 7 ақпан 2015 жыл.

АҚШ пен Еуропа арасында Украинаның шығысындағы дағдарысты реттеуге қатысты келіспеушілік жоқ деп мәлімдеді бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Ол мұны Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда айтқан.

Керридің сөзінше, АҚШ пен Еуропа елдері бұл мәселе бойынша бір ұстанымда және Украинаға қолдау көрсетуде өзара тығыз әріптестік орнатқан.

Сонымен бірге, Керри егер Ресей Украинаның шығысындағы жағдайды тұрақсыздандыратын іс-қимылдарын жалғастыра беретін болса, онысы өзіне «өте қымбатқа» түсетініне Батыс мәжбүр етеді деп ескертті.

Джон Керри бұл мәлімдемесін АҚШ пен Еуропа елдері арасында Украинаға қару-жарақ беру мәселесіне байланысты келіспеушілік күшейе түскені жайлы әңгімелер айтылып жатқанда жасады. Германия мен Францияда Украинаға қару-жарақ беру тек украиналық әскерилер мен ресейшіл сепаратистер арасындағы дағдарыстың созылуына апарып соғады деген пікір басым.

XS
SM
MD
LG