Accessibility links

Словакияда біржынысты некеге қатысты дауыс берді


Словакиядағы референдумда біржынысты некеге тыйым салуды қолдауға шақыратын жарнаманың жанынан өтіп бара жатқан әйел. Братислава, 6 ақпан 2015 жыл.

Словакиядағы референдумда біржынысты некеге тыйым салуды қолдауға шақыратын жарнаманың жанынан өтіп бара жатқан әйел. Братислава, 6 ақпан 2015 жыл.

Словакияда біржыныстық неке мен ондай жұптардың бала асырап алуына тыйым салу жайлы өткізілген дауыс беруге келген адам саны аз болғандықтан референдумның заңды күші жоқ деп танылады.

Словакия сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, ақпанның 7-сі күні өткен дауыс беруге сайлаушылардың 21,4 пайызы ғана қатысқан. Словакия заңы бойынша, референдум заңды деп танылуы үшін оған дауыс беру құқығына ие азаматтардың кемінде 50 пайызы қатысуы қажет.

Словакияда біржыныстылардың өзара некеге тұруына немесе бала асырап алуына рұқсат жоқ. Егер заң жүзінде тыйым салынатын болса, болашақта ондай неке жайлы заңға өзгеріс енгізу қиынға соғады.

Біржынысты некеге тыйым салуды қолдайтын консерваторлық партияның бастамасын католик шіркеуі құптаған. Референдумге қарсылар сайлаушыларды дауыс беруге қатыспауға шақырған.

Сенбі күні өткен референдумге «неке тек әйел мен ер адамның арасындағы одақ болуы керек пе», «біржынысты жұптарға бала асырап алуға шектеу енгізілгені дұрыс па» және «ата-ананың өз балаларына мектептегі жыныстық тәрбие мен эвтаназия туралы сабаққа қатыспауға рұқсат етуіне бола ма» деген сауалдар шығарылған. Референдумге қатысқандардың көпшілігі үш сұраққа да «иә» деп жауап берген.

XS
SM
MD
LG