Accessibility links

АҚШ пен Франция Ливанға қару-жарақ бермек


АҚШ-тың Ливандағы елшісі Дэвид Хэйл.

АҚШ-тың Ливандағы елшісі Дэвид Хэйл.

АҚШ пен Франция Ливанға үкімет әскерінің Сириядан шыққан исламшыл содырлармен соғысуына көмекке қару-жарақ жөнелтетінін хабарлады.

АҚШ-тың Ливандағы елшісі Дэвид Хэйл Вашингтон осы елге 25 миллион АҚШ долларының әскери көмегін, оның ішінде ауыр артиллерия қару-жарақтарын беретінін хабарлады. Бейрутте сөйлеген Хэйл "Біз бәріміз бір ғана жаумен күресіп жатырмыз" деген.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында Ливан премьер-министрі Таммам Саламмен кездесіп, Париж қару-жарақты сәуір айында жібере бастайтынын мәлімдеді. Француз қару-жарағын Ливанға жеткізу жағын Сауд Арабиясы қаржыландырмақ.

Францияның Ливанға беретін қару-жарағы арасында әскери тікұшақтар, бронды техника, ауыр артиллерия мен пилотсыз ұшақтар бар.

XS
SM
MD
LG