Accessibility links

Иордания ИМ-ге 56 рет әуе шабуылын жасады


Иордания әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Иордания әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Иордания билігі соңғы үш күнде елдің әскери-әуе күштері радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әуеден 56 рет соққы жасағанын мәлімдеді. Иордания әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Мансур әл-Джбурдың айтуынша, әуе соққыларынан содырлардың "логистикалық орталықтары, қару-жарақ қоймалары мен жасырыну орындары" қираған.

Содырлар қолға түскен иордан ұшқышын тірідей өртегені жайлы видео жариялаған соң Иордания қатаң түрде жауап қайтаратынын мәлімдеген.

Біріккен Араб Әмірліктері Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" тобына соққы беріп жатқан коалицияға қосылмақшы Иорданияға F-16 жойғыш ұшақтарының бір эскадрильясын беретінін жария еткен. Біріккен Араб Әмірліктері бұған дейін ұшқыштарының қауіпсіздігіне алаңдап, "Ислам мемлекетіне" қарсы әуе шабуылдарын тоқтататынын мәлімдеген.

Мюнхенде қауіпсіздік конференциясында сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри өткен жылдың тамыз айында "Ислам мемлекетіне" қарсы операциялар басталғалы бері Сирия мен Иракта содырлар басып алған территорияның 20 пайызы қайтарылғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG