Accessibility links

Египетте футбол кезінде 22 адам мерт болды


Каирдегі қақтығыс кезінде өртенген полицей көлігі маңында тұрған адам. 8 ақпан 2015 жыл.

Каирдегі қақтығыс кезінде өртенген полицей көлігі маңында тұрған адам. 8 ақпан 2015 жыл.

Ақпанның 8-і күні Египет астанасы Каирде полиция өкілдері мен футбол фанаттары арасындағы қақтығыс салдарынан кемінде 22 адам мерт болған.

Египет чемпионаты аясындағы Zamalek және Enbi клубтары арасындағы матч кезінде Zamalek фанаттары алаңға шығуға әрекет жасаған.

2012 жылы ақпанда Египеттің Порт-Саид қаласында Al-Ahly мен Al-Masry клубтары арасындағы матч аяқталған соң 74 адам қаза тауып, жүздеген жанкүйер жарақат алған еді. Осы оқиғадан кейін Египет үкіметі ел чемпионатындағы матчтарды жанкүйерсіз өткізуге шешім қабылдаған.

Бірақ, Zamalek пен Enbi арасындағы матчқа көрермен кіргізу туралы шешім қабылданып, он мыңға жуық билет сатылған.

Осы оқиғадан кейін Египет чемпионаты белгісіз уақытқа дейін тоқтатылды.

XS
SM
MD
LG