Accessibility links

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 28 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 28 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек кодексіне жастарды еңбекпен қамту және әлеуметтік қолдау көрсетуге кепілдік беруді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қаңтардың соңында парламент мақұлдаған. Өзгерістер мен толықтырулар жастар саясаты туралы заңға байланысты қабылданған.

Түзету бойынша, жұмыс беруші енді жұмысқа орналасқан жас маманмен екі жылдан кем емес мерзімге еңбек келісім-шартын жасасуы тиіс. Бұған қоса 18 жасқа толмаған адамды және университет бітіргеніне бір жылдан аспаған адамды мамандығы бойынша жұмысқа алғанда сынақ мерзімін жою да қарастырылған.

XS
SM
MD
LG