Accessibility links

Пәкістан терроризм күдігімен он мың адам тұтқындаған


Шекарашылық аймақты күзетіп тұрған пәкістандық әскери адам (Көрнекі сурет)

Шекарашылық аймақты күзетіп тұрған пәкістандық әскери адам (Көрнекі сурет)

Пәкістан әскерилері Пешавардағы терактіден кейін бастаған арнайы операция кезінде терроризмге қатысты 10600 адамды тұтқындағанын мәлімдеді.

Енді елдің әскери соты әр тұтқынға қатысты тергеу жұмыстары мен сот процестерін бастайды.

Пәкістанда жүріп жатқан терроризммен күрес операциясында әскер "Талибан" содырлары шоғырланған аймақтарға шабуыл жасап жатыр.

2014 жылы 24 желтоқсанда 150 адамның өмірін қиған Пешавардағы мектепке шабуылдан кейін Пәкістан үкіметі терроризммен күрес шарасын бастаған.

XS
SM
MD
LG