Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігінде мешіт имамы ұсталды


Қырғызстанның Ош қаласы. (Көрнекі сурет)
Қырғызстанның Ош қаласы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның оңтүстігіндегі үлкен мешіттердің бірінің имамы қызметіне тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Ішкі істер министрлігі Ош облыстық басқармасының баспасөз хатшысы Жениш Аширбаевтың айтуынша, имам тұрғындарды "Сирияға халифат құру үшін баруға шақырған".

"Турмуш" ақпараттық агенттігі ұсталған күдікті - Ош облысы Қарасу ауданы мешітінің имамы Рашодхон Кори Камолов деп хабарлады. Имам бұрын да жақтастарымен бірге "тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп ұсталған. Имамның әкесі Рафик Кори Камолов бұған дейін сол мешітте имам болған. Рафик Кори Камолов 2006 жылы өзбек арнайы қызметінің Қырғызстан территориясында жүргізген арнайы операциясы кезінде мерт болған.

XS
SM
MD
LG