Accessibility links

АҚШ бұрынғы неміс рэперін "террорист" деп таныды


Ирак жерінде "Ислам мемлекеті" тобының туын ұстап тұрған адам. Маусым, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирак жерінде "Ислам мемлекеті" тобының туын ұстап тұрған адам. Маусым, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ германиялық бұрынғы рэпер Денис Каспертті радикалды "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы жағында әскери қимылдарға қатысқаны үшін "террорист" деп жариялады. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, 39 жастағы Касперт ИМ тобына 2012 жылы қосылған және кейін содырлардың бірнеше үгіт-насихат мақсатында түсірілген видеоларында көрініп қалған. Былтыр қараша айында тараған видеода Касперт "Ислам мемлекеті" ұйымына "қарсы шықты" делінген адамның кесілген басын ұстап түскен.

АҚШ азаматтарына енді Каспертпен қанда да бір байланыс орнатуға тыйым салынып, оның АҚШ-тағы активтері бұғатталды. Мемлекеттік департаменттің ақпараты бойынша, өзін Әбу Талха әл-Алмани деп атайтын Касперт немістерді жиһадқа үгіттеген.

Германия үкіметі де Каспертті "террористік әрекеттер жасады" деген күдікпен іздестіріп жатыр. БҰҰ Каспертті халықаралық "қара тізімге" енгізген.

XS
SM
MD
LG