Accessibility links

Қарағанды мен Жамбыл өңірінде жол жабылды


Қарағанды облысы аумағындағы боран. (Көрнекі сурет)
Қарағанды облысы аумағындағы боран. (Көрнекі сурет)

Қарағанды және Жамбыл облыстарында ауа-райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан жолдар жабылды деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Жауын-шашын мен көктайғақтан Алматы-Екатеринбург тас жолының 489-637 километрі аралығы - Балқаш қаласынан Жамбыл облысы шекарасына дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған.

Жамбыл облысында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен Алматы-Екатеринбург жолының 342-490 километрі аралығында, Жамбыл облысының Шығанақ елді мекенінен Қарағанды облысы шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG