Accessibility links

Астанада көлік жарылысынан 1 адам мерт болды


Қазақстан қорғаныс министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан қорғаныс министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

10 ақпанда Астанада қорғаныс министрлігі үйінің жанында жеңіл көлік жарылып, әскери бөлімдердің бірінің подполковнигі, 1975 жылы туған Арман Сыздықов қаза тапты деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Министрліктің дерегінше, Арман Сыздықов алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, жарылыстан басқа ешкім зардап шекпеген.

Жарылысқа не себеп болғаны айтылмады. Министрлік "оқиға орнынан өлім алдында жазып қалдырған хат табылғанын" айтып, "бұл жарылыс теракт болуы мүмкін" деген болжамды жоққа шығарады.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы жедел тергеу тобы құрылған.

XS
SM
MD
LG