Accessibility links

Украинада бір аптада 263 бейбіт тұрғын мерт болған


Қираған көпқабатты үй жанында жүрген қала тұрғыны. Донецк, 8 желтоқсан 2014 жыл.

Қираған көпқабатты үй жанында жүрген қала тұрғыны. Донецк, 8 желтоқсан 2014 жыл.

БҰҰ есебі бойынша, биылғы ақпанның алғашқы аптасында Украинаның шығысындағы қақтығыстан 263 бейбіт тұрғын қаза тауып, 700 адам жарақат алған.

Ал 2014 жылдың сәуірі мен 2015 жылдың ақпанның 5-і аралығында бес мыңнан аса адам мерт болып, 13 мың адам жарақаттанған.

БҰҰ Донбасс аймағындағы халықтың жағдайы қиындағанын айтып, соғыс аймағынан бейбіт тұрғындарды алып кету үшін Украина әскері мен ресейшіл сепаратистерді уақытша бітімге шақырды.

XS
SM
MD
LG