Accessibility links

ИМ тұтқынындағы америкалық мерт болды


ИМ кепілге алған америкалық Кайла Мюррей

ИМ кепілге алған америкалық Кайла Мюррей

АҚШ президенті Барак Обама "Ислам мемлекеті" содырлар ұйымы кепілге алған 26 жастағы америкалық Кайла Мюллердің мерт болғанын растады.

10 ақпанда мәлімдеме жасаған Обама Мюллердің өліміне кінәлілер өз жазасын алатынын айтты.

Кайла Мюллердің ата-анасы 9 ақпанда ИМ-нен қыздарының қаза тапқаны туралы жеке хабарлама алған.

ИМ ұйымы Мюллер 6 ақпанда Иордания үкіметінің әуе шабуылы кезінде қаза тапты деп мәлімдеген.

Кайла Мюллер 2013 жылы жазда Түркия мен Сирия шекарасындағы "Шекарасыз дәрігерлер" ауруханасында жұмыс істеп жүрген кезде із-түссіз жоғалып кеткен. Бірнеше айдан кейін ИМ Мюллерді кепілге алғанын жариялаған болатын.

"Ислам мемлекеті" осыған дейін екі АҚШ журналисін өлтіргені туралы хабар таратқан.

XS
SM
MD
LG