Accessibility links

Обама Путинді бейбіт келісім жоспарын қолдауға шақырды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинді бүгін Минскіде "норманд форматында" өтетін төртжақты кездесуде Германия мен Франция басшылары ұсынатын Шығыс Украинадағы қақтығысты бейбіт реттеу жоспарын қолдауға шақырды деп мәлімдеді Ақ үй баспасөз қызметі.

Ақпанның 10-ы күні Путинмен телефонмен сөйлескен Обама АҚШ Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын қолдайтынын айтып, Минскідегі келіссөз дағдарысты бейбіт шешуге мүмкіндік тудыратынын ескерткен.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Обама "Украинада әскер, қару-жарақ жөнелту, сепаратистерді қаржыландыру сияқты агрессивтік іс-әрекет жалғаса берсе" оның салдары Ресей үшін ауыр болатынын Путинге ескерткен.

Германия мен Францияның жаңа бейбіт келісім жобасын ақпанның 9-ында Вашингтонда Обама Германия канцлері Ангела Меркельмен талқылаған.

XS
SM
MD
LG