Accessibility links

Минск байланыс тобының кездесуі өтті


Украина дағдарысын реттеуге қатысты Минск байланыс тобы келіссөзіне қатысушылар кездесуден шығып барады. Минск, 10 ақпан 2015 жыл.
Украина дағдарысын реттеуге қатысты Минск байланыс тобы келіссөзіне қатысушылар кездесуден шығып барады. Минск, 10 ақпан 2015 жыл.

Украинадағы қақтығысты тоқтатуға арналған Минск байланыс тобы - Ресей, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен сепаристер өкілдері ақпанның 10-ы күні кешке Минскіде кездесті.

Келіссөзге Ресейдің Украинадағы елшісі Михаил Зурабов, Украина жағынан осы елдің бұрынғы президенті Леонид Кучма, ЕҚЫҰ арнайы өкілі Хайди Тальявини және сепаратистер жариялаған "Донецк халық республикасынан" Денис Пушлин мен "Луганск халық республикасынан" Владислав Дейнего қатысқан.

Минск байланыс тобы былтыр қыркүйекте қабылданып, бірақ сол күйі орындалмаған келісім жобасын жасаған. Төрт тарап өкілдері бұған дейін қаңтрадың 31-інде келіссөз өткізгенімен, одан еш нәтиже шықпаған еді. Бұл жолғы келіссөз нәтижесі әзірше хабарланған жоқ.

Бүгін Минскіде Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары "норманд форматында" төрт жақты кездесу өткізіп, Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтатуды талқылайды деп жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG