Accessibility links

Назарбаев: Экономикаға сыртқы фактордың әсері бар


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "елде экономикалық дағдарыс жоқ, оған сыртқы факторлар ықпал етіп отыр" деп мәлімдеді 11 ақпанда Астанада басталған үкіметтің кеңейтілген жиынында.

"Сыртқы фактор - әлемдік дағдарыс, оның ішінде мұнай бағасының екі еседен көп арзандауы" деді президент Назарбаев.

Үкімет жиынында сөйлеген Назарбаев Қазақстанның қазіргі экономикалық саясаты "дұрыс" екенін, проблемалар "сыртқы нарықтың ықпалынан туындап отырғанын" айтып, қиындықтарды еңсеру үшін жедел шаралар қолға алынғанын айтқан.

Ол мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін орындай алуы үшін кейбір жоспарларына өзгеріс енгізу қажет екенін айтқан.

Назарбаев жиында "ел экономикасы тұрақты, қоры жеткілікті" екенін айтып, "халықтың алаңдаушылығына негіз жоғын" меңзеген.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер мен облыс әкімдері Қазақстан үкіметі қабылдап жатқан шараларға баға береді деп жоспарланып отыр.

Жиынға дейін үкімет мүшелері аймақтарға барып, ірі өндіріс орындарында жұмыс орнын сақтап қалу және қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсету туралы меморандумдар жасасқан.

XS
SM
MD
LG