Accessibility links

Қазақстанда жанармай арзандамақ


Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, министр Владимир Школьник шығарған бұйрықта бөлшек саудада дизель отынының бір литрінің шектік бағасы - 99 теңге, АИ-80 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы - 89 теңге, АИ-92/93 маркалы бензиннің бір литрінің шектік бағасы 99 теңге деңгейінде белгіленген.

Қазақстанда жанармай бағасы соңғы рет 2014 жылы желтоқсанның 30-ында арзандаған.

Қазақстанда мұнай өнімдері бағасы арзандауы мүмкін екенін бірер күн бұрын "ҚазМұнайГаз" компаниясы басшысы Сауат Мыңбаев айтқан еді. Ол жанармай бағасының арзандауына басты себебі Ресейден бензин мен дизель отынының арзан бағамен келуі және елдегі мұнай өнімдерін сақтайтын қоймалардың толы болуы деп түсіндірген.

Қазақстанда соңғы үш жылда көлік жүргізушілер көп тұтынатын АИ-92 бензинінің бағасы бірнеше рет өсіп, бір литрінің құны 128 теңгеге жеткен.

Бензин соңғы жолы қымбаттай бастаған кезде, 2014 жылы күзде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жанармай бағасының шегін белгілеп, дизель отынының бір литрінің бағасы – 115 теңгеден, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңгеден, АИ-92/93 маркалы бензин – 128 теңгеден аспауы керегін ескерткен.

XS
SM
MD
LG