Accessibility links

Назарбаев: Өндірушілер ЕАЭО-дан қиындық көріп отырған жоқ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Ресей рублі құлдырап, ресейлік импорт қысымы күшейіп жатқанда қазақстандық өндірушілер тартып отырған қиыншылықтардың "Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) ешқандай байланысы жоқ" деп мәлімдеді.

- ЕАЭС-ті құрғанда біз өмір өзі өзгерістер енгізеді дегенбіз. Міне, айтқанымыз келді. Өзіміз бір бөлшегі болып отырған әлемдік капиталистік экономика осылай құбылып тұрса, не істей аласың? Біздің қолымызда тұрған жоқ. Қазір болып жатқандардың барлығын ЕАЭС пен Кеден Одағынан көру - барып тұрған дилетанттық. Ресейдің қазір ауыр жағдайға тап болғаны рас, бірақ біз Ресеймен біргеміз. Бұл жабайы санкция салу істері ешкімге көмектеспейді, - деді Назарбаев.

Ол бұған қоса Ресейдің ауыр жағдайдан "абыроймен шығып, көркейіп дамып кететініне" сенімді екенін және Қазақстанның да бұл елмен бірге екенін айтқан.

ЕАЭО 2014 жылы мамырдың 29-ында Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь арасында жасалған келісім негізінде 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған. Кейін ЕАЭО-ға Армения қосылды. Биыл мамырда бұл одаққа Қырғызстан да қосылмақ.

XS
SM
MD
LG