Accessibility links

"Әділ сөз": Қазақстанда сөз бостандығы нашарлады


"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының басшысы Тамар Қалеева (сол жақта) мен ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 11 ақпан 2015 жыл.

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының басшысы Тамар Қалеева (сол жақта) мен ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 11 ақпан 2015 жыл.

11 ақпан күні Алматыда "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының басшысы Тамара Қалеева "Қазақстанда сөз бостандығы соңғы жылдары нашарлап кетті" деп мәлімдеді. Өзі басқаратын ұйым мен Алтынбек Сәрсенбаев атындағы қор ұйымдастырған дөңгелек үстелде сөйлеген Қалеева тәуелсіз бірнеше ақпарат құралының, оның ішінде оппозициялық "Республика" басылымымен байланысы бар ақпарат құралдарының, Гүлжан Ерғалиева басшылық ететін медиа жобалардың жабылғанын айтты.

Оның сөзінше, "тек 2014 жылдың өзінде бұқаралық ақпарат құралдарының үстінен жалпы көлемі 740 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіру туралы 100-ден астам шағым түсіп, бірнеше ақпарат құралы, оның ішінде ADAM bol журналы жабылған.

Тамара Қалееваның айтуына қарағанда, қаңтардың 1-інен бастап БАҚ-қа қатысты жаза қатайтылған жаңа қылмыстық және әкімшілік кодекс күшіне енгендіктен, сөз бостандығының келешегі "бұрынғыдан да бұлыңғыр".

Дөңгелек үстелге қатысушылар билікті "мемлекеттік органдарды БАҚ-ты жабу құқығынан айыруға шақырған" қарар қабылдады.

XS
SM
MD
LG