Accessibility links

Дебальцевода бір тәулікте 19 украин сарбазы оққа ұшты


Ресейшіл сепаратистер Дебальцево маңында артиллериядан атқылап жатыр. Донецк облысы, 10 ақпан 2015 жыл.

Ресейшіл сепаратистер Дебальцево маңында артиллериядан атқылап жатыр. Донецк облысы, 10 ақпан 2015 жыл.

Донецк облысының Дебальцево қаласында соңғы тәулікте 19 украин сарбазы қаза тауып, 78-і жараланды деп хабарлады Украина армиясы бас штабының өкілі Владислав Селезнев. Ол бұған қоса нақтыланған ақпарат бойынша, ресейшіл сепаратистер қолында 204 украин сарбазы тұтқында отырғанын айтады.

Украина шығысындағы арнайы операциялар баспасөз орталығының дерегі бойынша, ақпанның 11-іне қараған түні сепаратистер украин әскерінің позицияларын 27 рет атқылаған. Горное, Новотошковское, Ольховое, Станица Луганская елді мекендері артиллерия мен реактивті дүркіндете ату кешенінен атқыланған.

Сепаратистер Дебальцево қаласы мен оның маңындағы Попасная, Золотое, Луганское елді мекендерін де атқылаған. Украина әскері сепаратистерге қарсы жауап қайтарып оқ атқан.

Шығыс Украинадағы қақтығыс сепаратистер Донецк әуежайын басып алған қаңтар айының ортасынан бері басылмай тұр.

XS
SM
MD
LG