Accessibility links

Меркель мен Олланд Минскіге барады


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 11 қаңтар 2015 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 11 қаңтар 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия канцлері Ангела Меркель "мүмкіндікті соңына дейін пайдалану" үшін бүгін Минскіге Украинадағы қақтығысты реттеп, бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөзге қатысуға барады. Бұл туралы Франция президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Германия мен Франция басшылары Украина дағдарысын телефон арқылы талқылап, Ресей және Украина президенттерімен келіссөзге қатысу үшін Минскіге баруға шешім қабылдаған.

Бүгін Кремльдің баспасөз қызметі де Ресей президенті Владимир Путиннің Минскіге келіссөзге баратынын растады.

Төрт ел басшыларының "норманд форматындағы" кездесуі бүгін кешке Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өтпек.

XS
SM
MD
LG