Accessibility links

Қырым билігі "Укртелекомды" мемлекет меншігіне алды


"Укртелекомның" Симферопольдегі бөлімшесі. Қырым, 10 ақпан 2015 жыл.

"Укртелекомның" Симферопольдегі бөлімшесі. Қырым, 10 ақпан 2015 жыл.

Ресей аннексиялаған Қырым билігі украин олигархы Ринат Ахметовке тиесілі "Укртелеком" байланыс компаниясын мемлекет меншігіне алуға шешім шығарды.

Ақпанның 10-ында "Укртелеком" байланыс операторы Қырымда телефон байланысын ажыратқан. Қырым билігі бұған Киевті айыптаған. Ресейлік "Коммерсантъ" басылымының хабарлауынша, "Укртелеком" басшылығы Қырымда "жеке меншік мүлкін заңсыз басып алу мақсатында үшінші жақ тарапынан қасақана диверсия жасалғанын" мәлімдеген.

Қырым мемлекеттік кеңесінің қаулысы бойынша республика меншігіне "Укртелекомның" қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктері, "Тримоб" еншілес ұялы байланыс компаниясы өткен.

"Укртелеком" - Қырымдағы телефон байланысы нарығында ықпалды, түбектегі абоненттің 80 пайызынан астамына қызмет көрсеткен компания.

XS
SM
MD
LG