Accessibility links

БАӘ ИМ-ге қарсы әуе шабуылын қайта бастады


Сириядағы әуе шабуылынан оралған иорданиялық ұшақтардың бірі. 5 ақпан 2015 жыл.

Сириядағы әуе шабуылынан оралған иорданиялық ұшақтардың бірі. 5 ақпан 2015 жыл.

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) билігі Иордания аумағында орналасқан F-16 ұшақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) басып алған аймаққа әуе шабуылын жасап қайтқанын мәлімдеді.

БАӘ мен Иордания АҚШ-тың ИМ-ге қарсы құрған коалициясына кірген, кейін иорданиялық ұшқышты ИМ тұтқындаған соң әуе шабуылдарын уақытша тоқтатқан.

ИМ ақпанның 3-і күні Иордания ұшқышын өртегені туралы видеоны жариялаған еді.

АҚШ әскерилері 9 ақпаннан бері коалиция ұшақтары ИМ территориясына 11 рет әуе шабуылын ұйымдастырғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG