Accessibility links

Өзбекстанда танымал журналист түрмеден босады


Өзбекстанда журналист, 2010 жылы "экстремистік іс-әрекетке қатысы бар" деген айыппен сотталған Хайрулло Хамидов түрмеден босатылды. Өзбекстан билігі жаза мерзімі аяқталуына жарты жыл қалған журналистің босатылуына қатысты түсінік бермеді.

Хайрулло Хамидов исламның қазіргі замандағы, оның ішінде әлеуметтік салалардағы - гомосексуализм, жезөкшелік пен есірткіге тәуелділікке қатысты рөлі жайлы танымал радио бағдарламаны жүргізген.

Сотталғанға дейін ол спорт комментаторы ретінде де белгілі болған.

XS
SM
MD
LG