Accessibility links

Costa Concordia капитаны 16 жылға сотталды


Costa Concordia капитаны Франческо Скеттино (сол жақта) сот залынан шығып барады. Гроссето, қазан 2012 жыл.

Costa Concordia капитаны Франческо Скеттино (сол жақта) сот залынан шығып барады. Гроссето, қазан 2012 жыл.

2012 жылы Италия жағалауында суға батқан Costa Concordia жолаушылар кемесінің капитаны Франческо Скеттино абайсызда кісі өлтіруге қатысты бірнеше айып бойынша кінәлі деп танылды. Италияның Гроссето қаласының соты Скеттиноны 16 жылға соттады.

Франческо Скеттино кеме экипажына бағытын өзгертіп, Италияның Джилио аралына қарай жақындауға бұйрық берген. Мұның салдарынан кеме жартасқа соғылып, жартылай суға батқан. Бортта болған 4228 адамның 32-сі қаза тапты. Скеттино жолаушыларды эвакуациялап жатқанда кемені тастап кеткен. Ол сот үкіміне шағым бере алады.

XS
SM
MD
LG